KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 5 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейдің ең үздік әжелері анықталды

26.04.2018, 07:20 198

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі мен Астана қаласының 20 жыл толуына орайластырылып, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, қалалық Достық үйінің «Айша –бибі» ұлттық-мәдени орталығының тікелей бастамасымен «Әжелер сайысы-2018» байқауы өтті.


Ақ жаулықты апаларымыз сынға түскен дода жалпы екі кезеңді қамтыды. Бірінші айналымда өздерін таныстырса, екінші бөлімде қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы мен Елордамыз Астана шаһарының тарихына қатысты сұрақтарға еш мүдірместен жауап беру міндеттелген болатын, ал жарыстың ең соңғы шешуші кезеңінде көпті көрген дана әжелеріміз ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, көптен бері дайындап жүрген ерекше өнерлерін ортаға салды.



-Сайысқа қаламыздағы тек қазақтың ақ жаулықты аналары ғана емес сонымен қатар өзбек, орыс, татар ұлтының әжелері де қатысып, шын көңілдерімен өте жоғары деңгейде дайындалып келгендері қатты қуантып отыр,-дейді «Айша –бибі» орталығының төрайымы Айман Ибраева

Сайыстың қорытындысына сәйкес, Жанат Сембаева апамыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, бас жүлдеге лайық деп танылса, өзгелерден ұпай саны бойынша оқ бойы озған Нағима Хаируллина, Гүлғасым Абдолдинова, Дариға Фаизова әжелеріміз болса үздіктердің үздігі атанып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив