KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
486.44 534.31 5.06

Ертістің жағасынан 300 жыл бұрынғы адамның бас сүйегі табылды

2.05.2018, 10:27 168

Павлодар облысындағы Аққу ауылының  жанында,  Ертіс өзенінің жағасынан адамның бас сүйегі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бас сүйекті тауып алған ауыл тұрғындары суретті әлеуметтік желілерге жариялаған. Суреттен  адам қаңқасының басқа да қалдықтарын байқауға болады.


Жергілікті халықтың айтуынша,  сүйектер XVIII ғасырға тиесілі. Өзен жағасында кезінде үлкен бейіт болғанға ұқсайды.


Сонымен қатар, Аққу ауылының тұрғындары жыл сайын Ертіс көтерілген кезде жағаға адам сүйектерінің шығып қалатынын айтады. Су қайтқан соң тұрғандар адам қаңқасының қалдықтарын жерлейтін көрінеді. Бұл жерге келген археологтар су көтерілгенде шығатын сүйектер XVIII ғасырда жерленген адамдардан қалған деген қорытынды жасаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив