Қазақстанда АИ-95 және АИ-92 бензиндерінің бағасы төмендеді
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС өзінің туған күніне орай АИ-95 және АИ-92 маркалы бензиндерінің бағасын қосымша төмендететінін мәлім етті.
«1 мамырдан бастап АИ-95 маркалы бензинінің бағасы бірден 10 теңгеге - литріне 169 теңгеге дейін төмендейді. Ал АИ-92 бензинінің бағасы литріне 158 теңгеден сатылмақ. Акция көктем мезгілінде қолданылатын болады» делінген хабарламада. Компанияның баспасөз қызметі жолдаған мәліметке сай, ҚазМұнайГаз клиенттерге ыңғайлы болу үшін электрондық талондарды, сондай-ақ штрих-кодтар көмегімен смартфон арқылы жанармай үшін төлем жасау тәсілін енгізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында байланыссыз төлем тәсілін іске қосуды жоспарлап отыр.
Дерек көзі
Оқи отырыңыз