KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Мойындарына салынған миллиондарды төлеп жатыр

24.10.2017, 08:33 148

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті, тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жанармай мен көмір тапшылығына, қымбаттығына байланысты аталған нарықтардағы жағдайды бақылауға, зерттеуге орай комитеттің біздің облыстағы департаментіне де тапсырма берді. Осыған байланысты жергілікті жердегі департамент жанармайды бөлшектеп сатумен айналысатын облыстағы 87 субьектіге, толайым сататын 16 субьектіге сауал жолдап отыр.


Қазіргі күні олардың 37 нен ғана жауап келіп түскен. Департаментке жедел есеп бергендердің дені жанармайды бөлшектеп сатумен айналысатын ұсақ ЖҚБ-лар. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті, тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцеваның бізге айтқанындай тексеру, зерттеу қорытындысы қараша айында белгілі болмақ.


Былтырғы тамыз-желтоқсан және биылғы 2017-жылғы қаңтар –ақпан айлары кезіндегі жанармай бағасының жаппай қымбаттауына байланысты тергеу жүргізген департамент облыстағы 19 жанармай сатушы субьектіге қатысты 9 тергеу ісін жүргізіп, оларға 15 әкімшілік іс қозғап, істерді Семей, Өскемен, Риддер қалаларының, Бородулиха, Бесқарағай, Глубокое, Шемонайха аудандарының мамандандырылған әкімшілік соттарына жіберген. Қазіргі уақытта жанармай сатушыларға қатысты 13 сот ісі қаралып, оларға сот шешімімен 10 миллион теңге айыппұл салуға, сондай ақ, 4,5 миллион теңге монополиялық табысты тәркілеуге шешім шығарылған. Осы мерзімге дейін мойындарына миллиондап айыппұл салынған субьектілер заңсыз монополиялық табыстың 1,7 миллион теңгесін мемлекетке қайтарыпты. Шемонайха ауданындағы екі әкімшілік іс әлі қаралмаған.


-Жанармай сатушылар жанармайдың қымбаттап жатуын осы өнімді өндірушілердің босату бағасын көтеріп жіберуіне байланысты деп түсіндіріп отыр. Біз қазір жанармай бағасын кімнің, қашан, қалай көтеріп отырғанын зерттеп, тексеріп жатырмыз. Облыстағы жанар майнарығына толық талдау жүргізіп біткен соң, негіз болса заң талаптарын, ережелерін бұзған субьектілерге тергеу жүргіземіз,-дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті, тұтынуышалр құқығын қорғау комитеті аумақтық департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева.

Осыдан үш күн бұрын Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдаған Президент жанармай бағасының көтеріліп, тапшы болып отыруы Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігі тарапынан нарықты жанар -жағармаймен қамтамасыз ету үшін уақтылы шешім қабылданбауы салдарынан орын алып отырғанын айтты.


-Энергетика министрлігі еліміздің отын энеретика мәселелеріне , соның ішінде ішікі нарықты жанар -жағармаймен қамтамасыз етуге жауапты. Елімізде оның тапшылығына байланысты орын алған ахуал Үкімет пен Энергетика министрлігі тарапынан немқұрайлылық пен жауапсыздыққа жол берілгенін көрсетіп отыр. Сіз биылғы мамыр айында мұнай өңдеу зауыттарына жөндеу жүргізу кестесін бекіттіңіз. Күзде үш зауыттың екеуі жөндеу үшін тоқтатылатынын білдіңіз. Мұндай жағдай жыл сайын қайталанып келеді. Соны біле тұра, халықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде жанар -жағармай жеткізуге тиіс едіңіз. Олай болмады. Жанармай тапшылығын болдырмау үшін бағаны мемлекеттік реттеуден бас тарту ұсынылды. Алайда нарықта тағы да жанар -жағармай жетіспеушілігі орын алды. Осыған байланысты Үкіметтің ұсынысы бойынша сізге сөгіс жарияладым. Бұл -қызметтен босатылғанмен бірдей, -деген Қазақсиан Президенті нарықты жанар -жағармаймен қамтамасыз ету үшін министрге жауапкершілік жүктелетінін ескертіп, жанармай тапшылығын болдырмау үшін қажетті барлық шараларды орындауды тапсырды.


Ал,кеше Энергетика министрі қазан айының соңында, қараша айының басында жанармайдың орташа бағасы литріне 160-161 теңге болады деп есептеп отырғандарын , қараша айында еліміздегі барлық үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істеп, Ресей жанармайы азайған кезде бағаның төмендеуі мүмкін екенін айтты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив