KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
479.05 534.57 5.17

Ұлы Отан соғысына қатысушылар жыл көлемінде пойызбен тегін жүретін болады

28.04.2018, 18:48 121

2018 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан бойынша және ТМД елдеріне тегін сапарлар жасай алады. Бұл туралы «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдеді.


Бастаманың идеясы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на тиесілі.


Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарында, соның ішінде «Туристік» класс вагондарында және «Talgo» пойыздарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерінен орын бөлінеді екен. Сондай-ақ, жол жүру барысында тегін тамақпен де қамтамасыз етіледі.


Тегін билеттер алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және Ұлы Отан соғысының мүгедегінің немесе қатысушысының куәлігі болуы керек.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив