Игі әдет қалыптастырған “Таза Қазақстан” акциясы жүйелі жалғасуда (видео)
Күздің соңғы шуақты күндерін пайдаланып, облыс орталығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылды.
Өскемен қаласының бірнеше жерінде басқармалардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен студент жастар, жалпы қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосқысы келген қала тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін ұйымдастырылған сенбілікке облыстық ауыл шаруашылығы, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының мамандары, қалалық және облыстық әкімдіктің қызметкерлері, “Өскемен водоканал”, “Ертіс” әлеуметтік кәсіпорны және басқа да мекемелердің қызметкерлері шығып, қаланы және қала шетін тазалау жұмыстарына кірісіп кетті.
Сенбілікке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері толығымен шығыпты.
Айна Ескенқызы