Семейде ер адам көшеде кетіп бара жатып, қайтыс болды
Кеше кешкісін Шайжүнісов көшесі мен Шәкәрім даңғылы қиылысында орналасқан «Аладдин» сауда үйінің жанынан өтіп бара жатқан ер адам аяқ асты құлап, оқиға орнында көз жұмған. Куәгерлер дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне хабар берген болатын. Нақтыланбаған болжам бойынша, жүрегі тоқтап қалған деген тұжырымдар айтылуда.
Ер адамның денесі бірден қалалық мәйітханаға жеткізілгендіктен, «Қайтыс болған адамның мәйітін танып, көру үшін туған-туыстары келді ме?», «Медициналық сараптаманың қорытындысы шыққанда журналистер қауымын хабардар етсеңіздер» деп хабарласқан едік. Алайда телефон тұтқасын көтерген дәрігер осы оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
Ал, Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, бұл адамның өлімі ешқандай да криминалдық оқиғаға қатысы жоқ , яғни кісі қолынан қаза таппаған.