KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1,7 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да өзеннен белгісіз ер адамның денесі табылды

24.06.2018, 10:47 267

Шемонаиха ауданында Межовка ауылы жағынан ер адамның денесі табылды. Ер адам шамамен 21 маусым күні суға кеткен деген болжам бар. Сол күні Үбе өзенінде жан ұшыра айғайлап, көмек сұрап, ағып бара жатқан ер адамды көргендер болған. Олар аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне хабар беріпті. Осыған орай Өскеменнен құтқарушылар шақыртылды.


Болған оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз. Ер адамның аты-жөні де әлі анықталмады. Кеше оны көрген орыннан 15-20 шақырым жерде ер адамның денесі табылды. Оны катамаранмен жүргендер тауып алған екен. Мәйіт ағыспен өзеннің таяз тұсына шығып қалған екен.  Құтқарушылар ер дамның денесі судан алып шығып, жағаға жеткізді.


Қазіргі уақытта суға кеткен адамның аты-жөні мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Өзеннен өтуге талпынып, суға кетті деген болжам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив