KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2,7 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Өскеменде жер үй өртенді

3.05.2024, 15:50 146 Ержан Әбіш

Өскемендегі Назарбаев даңғылында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде тілсіз жау үйдің шатыры мен ағаш шаруашылық құрылысын ішінара шарпып үлгерген. Мамандардың үйлесімді іс-қимылы арқасында жалын 55 шаршы метр аумаққа ғана жайылды.

 

Алдын ала себеп – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өртке әкелуі мүмкін ақауларды уақтылы жөндеп тұру қажет.

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив