KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Қазақтелеком мен Kcell келісімшарты тариф құнына қалай әсер етеді

21.04.2018, 13:16 221

"Қазақтелеком" АҚ бас қаржы директоры Асхат Өзбеков "Kcell" ұялы байланыс операторының 75% акциясын сатып алу бойынша компания ұстанымын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


-Бұл келісімшарт бойынша жақын арада барлық аргументтерді келтіреміз. Біз бәсекелестікті шектегелі жатқан жоқпыз. Ұлттық оператор болғандықтан, ең алдымен мемлекеттің мүддесін алға қоямыз, - деді Асхат Өзбеков "Атамекен" ҰКП алаңында өткен дөңгелек үстелде.


Жиын барысында "Қазақтелеком" АҚ заң бойынша консультанты Владимир Попов аталған келісімшарт бәсекелестікке нұқсан келтіреді деп қауіп білдірген Beeline компаниясындағы әріптестеріне жауап берді. Оның айтуынша, "Kcell" АҚ-мен келісімшарт бекіткен соң, "Қазақтелекомның" тұтас нарыққа билік жүргізуі жөніндегі қауесет жөнсіз. Тарифтер де өзгеріске ұшырай қоймайды.    "Қазақтелеком" қандай жағдайлар орын алса да, стандартты динамикадағы тарифтерді өсіруді жоспарлап отырған жоқ. Бәлкім, жаңа технологияларды енгізумен байланысты бүкіләлемдік үрдістер орын алуы мүмкін.


-Бұл орасан зор қаржыландыруды кері қайтару үшін нарықтан ақша табу қажет. Операторлар арасындағы өзара ықпалдастық нарығы бар, b2b - бизнеске бизнес нарығы бар және тұтынушылар нарығы бар. Қарызды тезірек қайтарып, қалыпты жұмысқа көшу үшін бар амалдар жасалады, тарифтер қымбаттауы мүмкін", - деп өз сөзін толықтырды "Билайн Қазақстан" компаниясының өкілі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив