Көк шарфтылар ауылдарды аралап жүр
2018 жылғы 1 наурызда Аягөз ауданында қанатқақты ( пилоттық) халық санағының бірінші кезеңі басталды. Елімізде мұндай санақ Ақмола облысының Бурабай ауданы мен біздің облыстағы Аягөз ауданында жүріп жатыр. Пилоттық санақ 11 сәуірден 30 сәуірге дейін өтеді.
Бірінші кезең интервьюерлері (тіркеушілері) нақты тұрғындардың санын анықтау үшін тұрғын үйлерді, ғимараттарды және тұрғын емес жайларды аралап шығуда. Санақшылардың ерекше белгілері: көк түсті шарф, санақ логотипі белгіленген портфель, атаулы бейдждері болып табылады. Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша 11-сәуірге дейін Аягөз ауданында онлайн тәртібінде 4697 адам тіркеуден өтті. Қазір Аягөз қаласында-41, ауданда-77, ауылдарда-36 тіркеуші жұртты тіркеуге алып жүр.
Халық санағы 2019 жылдың қарашасында өтетін негізгі халық санағына алдын –ала дайындық мақсатында Аягөз ауданының аумағында тұратын адамдар туралы демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтер жиынтығын алу үшін жүргізіледі. Интервьюерлер планшеттер арқылы пікіртерім жүргізу мақсатында әр үй шаруашылығын аралауда.