KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Аягөзде экспериментті халық санағын жүргізуге электронды гаджеттер қолданылмақ

14.03.2018, 07:27 162

Аягөз ауданында сәуір айында экспериментті халық санағын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жолы ауқымды шараға тың әдісті енгізу тәжірибесі пысықталады. Санақты жүргізу кезінде ақпараттық технология жетістіктері қолданылмақ.


Бұндай жоба Ақмола облысының Бурабай ауданында да басталады. ШҚО статистика департаментінің мәлімдеуінше, санақ ғаламтор арқылы  парақшаны толтырумен және планшеттік компьютерлерді қолданып онлайн режімдегі сауалнама әдісінде жүргізіледі. Екі нұсқада да тұрғындар өздері үшін де, отбасы мүшелері үшін де парақшаны толтыра алады.


– Санақ жүргізу кезінде департамент балансындағы планшеттер пайдаланылады. Яғни оларды сатып алуға шығындалмаймыз. Аягөз ауданында  бірінші кезеңде 17 интервьюрер, екінші кезеңде 89 тартылады. Сонымен қатар 15 нұсқаушы-контролер жұмыс істейді,-деді ШҚО  Статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажанов.

Айтуынша, бұл бастама «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы қадамдардың бірі. Айта кету керек,кезекті ұлттық санақ науқаны 2019-шы жылдың қараша айына жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив