Жөндеу көрмеген лифттер күн сайын қорқытып келеді
Адам өліміне әкеліп соққан Ақтөбе қаласындағы лифт оқиғасы Өскемендегі лифт қызметін көрсетумен айналысып отырған ұйымдарға, пәтер иелері кооперативтеріне сабақ болмағандай. Қаладағы 1420 лифттің 35 пайызы күделі жөндеуді қажет етеді, олардың көпшілігінің қызмет ету мерзімі де әлдеқашан өткен.
Жүргенінен тұрғаны көп ескі лифттерден үрейі ұшқан жұрт бүгінде жоғары қабатқа тез жеткізіп, жылдам түсіретін жүрдек жеделсатыға отыруға қорқып, қауіптене қарайтын болды.
Рас, қаладағы, қалаларымыздағы лифттер қаншалықты қауіпсіз?
Лифт компанияларының жұмысын бақылап,тексеретін мекеме неге қауқарсыз болып отыр? Бұл туралы «Дидардың» 19 сәуір күнгі санынан оқи аласыздар.