KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Жеделсатылардың жүргенінен тұрғаны көп

19.04.2018, 10:07 184

Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, облыста соңғы үш жыл ішінде лифттің істен шығуы, сынуы салдарынан болған жазатайым, оқыс оқиғалар тіркелмеген.  Бірақ, қаланың көп қабатты үйлерінде жүріп келе жатқан лифттердің тоқтап қалуы, есігі ашылмай қалғаны сияқты жағдайлар жиі  болып жатады.


ПИК тарапынан бақылаудың жоқтығы мен лифт компанияларының өз міндеттерін, жұмыстарын  дұрыс атқармауы  лифттердің осындай апаттық тоқтауы оқиғаларын жиілетіп отыр. Жиі қайталанатыны соншалық, бұл тіпті тұрғындар үшін  үйреншікті жағдай болып қалыптасып кеткен.


Қазіргі күні  Өскеменде  9 фирма лифт шаруашылығымен айналысып отыр. Лифт тоқтап қалған жағдайда шаруашылықтың апаттық құтқару тобы шұғыл келіп жетуі тиіс болғанымен, олар ол міндеттерін де  орындап отырған жоқ. Кем дегенде бір сағаттан соң бірақ келеді.


Қаладағы лифт шаруашылығының бірі-«Смарт Лифт» компаниясы диспетчері мамандардың шақыруға неге кешігіп келетіні туралы қойған сұрағымызға : «Бізде бір-ақ маман, бір-ақ көлік қайсысына барып үлгереді, мамандар басқа жерде шақыртумен жүреді,  жалғыз бір үйге  ғана қызмет көрсетпейміз ғой, қызық екенсіз?» деп өзімізді жазғыра жауап берді.


 -Лифттер қызметі ережесіне сай лифт кабинасының сыртында немесе ішкі қабырғасында лифтті қауіпсіз пайдалану және төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері орнатылуы тиіс. Сонымен бірге ұйымның апаттық құтқару және диспетчерлік қызметінің телефон нөмерлері орнатылуы керек.   Егер лифттерде ақаулар анықталған жағдайда лифттерді жөндеу және қызмет көрсету бойынша мамандандырылған ұйым ақаулар жойылған уақытқа дейін лифт жұмысын тоқтатуы тиіс, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандары.

Самат Сүлейменов,  облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы қазандық және газ шаруашылығы қауіпсіздігі инспекциясының маманы:


  - Біздің лифт шаруашылықтары қызметін арыз, шағымсыз тексеруге құқымыз жоқ. Ол үшін заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Қазір осы мәселені шешу үшін Инвестициялар және даму министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс тобы құрылды. Болашақта лифт компаниялары қызметіне бақылауды күшейту мақсатында біз  министрліктің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне лифттер қызметтерін тексеруді жүйелі жүргізуге, лифттер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  байланысты өз ұсыныстарымызды да жолдап отырмыз.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив