KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Головкиннің промоутері Деревянченко GGG-дің қарсыласы бола алмайтынын айтты

16.04.2018, 04:00 283

WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер украин боксшысы Сергей Деревянченконың 5 мамырда GGG-мен жұдырықтаса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz .


«Головкин 5 мамырда бокстасқысы келеді. Мен мұны өткізу үшін барымды саламын. Геннадий 5 мамырда Сергей Деревянченкомен жұдырықтаспайды. Егер Деревянченко келесі жекпе-жекке дейін күтер болса онда оған еш зақым келмейді. Деревянченкомен жекпе-жекке қарсы емеспіз, бірақ міндетті түрде белгілеп... Мұндай кездесулер дұрыс жүргізілуі тиіс. Біз оны қалай іске асырсақ солай жақсы болады», - деді Леффлер.

Ол GGG-дің 5 мамырға жоспарланған жекпе-жегі туралы нақты мәлімдеме 18 сәуірге дейін белгілі болатынын айтты.


«Головкиннің келесі жекпе-жегі шешілген соң сіздерге анонс береміз. Әзір ештеңе анықталған жоқ. 18 сәуірге дейін күтейік, сол кезде 5 мамырдағы жекпе-жек пен қыркүйектегі IBF туралы айта аламыз. Дәл қазір көп сұраққа жауап бере алмаймыз, дегенмен апта ортасына дейін біраз сұрақтың жауабы белгілі болады деп ойлаймын», - деді ол Boxingnews24.com-ға.

Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен соң ол GGG-мен жұдырықтасудан бас тартты. Десе де 5 мамырға белгіленген жекпе-жек өтетін болды, бірақ қарсылас әлі нақтыланған жоқ.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив