Өскеменде өрт сөндіру машиналары үрей тудырды
Бүгін Әуезов даңғылы бойымен бірнеше өрт сөндіру машиналары сиренасын қосып, «Император» сауда үйіне қарай бет алған. Осы мәселеге қатысты сауалмен қала тұрғындары редакциямызға хабарласты.
Оның себебі анықталды. Осы «Император» СО-ның аумағында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген екен.
- Біздің қызметкерлеріміз сауда және ойын-сауық орталықтарында төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын тактикалық әдістерді пайдалануға жаттығып жатыр, - деп түсіндірді Өскеменнің ТЖБ-ның қызметкері Марина Лискова.
Еске сала кетейік, Ресейдің Кемерово облысындағы «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанның барлық қалаларында дүкендер мен сауықтыру орталықтарын тексеру туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, Өскемен мен Семейде тексерулер нәтижесінде көптеген заңсыздықтар анықталып отыр.
Оқи отырыңыз
Өскемендегі ойын-сауық кешендері мен сауда орталықтары қаншалықты қауіпсіз?Кемеровтегі «Зимняя вишня» өрт сөндірушісінің түрмеде жазған хаты жарияландыШығыс Қазақстанның құтқару бөлімшелері республикалық тактикалық «Көктем 2013» оқу-жаттығуларына қатысты (+сурет)Президент: Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр