KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Күршімдік қолкүресшілерге 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды

9.04.2018, 04:59 141

Күршім аудандық Мәдениет үйінде өткен Жастар форумында Щучинск қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алған қолкүресшілерге аудан әкімі Сейсенғазы Чукаев 300 мың тетеңгенің сертификатын табыстады.


Еліміздің мақтанышы Бурабай төрінде шетелдік қарсыластармен бақ сынасатын жас спортшылар Күршім балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен Нұрлан Байғазин, Бақытжан Мырзахмет , Мөлдір Қалиқанова Талдықорған қаласында өткен Қазақстан чемпионатында қола жүлдегерлер атанған болатын.


Күршімдік спортшылардың жаттықтырушылары Әділбек Баймұханбетов, Қанат Қизатаев, Заңғар Ашманов. Жерлес жас өрендеріміздің мақсаты - Азия чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатына жолдама алу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив