KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 3 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Күршімдіктер әлем біріншілігіне жолдама жеңіп алды

28.04.2018, 04:09 136

16-22 сәуірі күндері Щучинск қаласында  қол күресінен өткен XVII  Азия біріншілігіне  Қазақстан Республикасы  құрама командасы сапында үш күршімдік  жасөспірім қатысып, үшеуі де жүлделі оралды.


Мөлдір Қалиқанова  75 кг-нан жоғары салмақ  дәрежесінде  күміс медаль, Нұрлан Байғазин 70 кг салмақта және Бақытжан  Мырзахмет 80 кг  салмақта  қола медаль иеленіп, жаттықтырушылары мен жерлестерін бір марқайтып тастады.


Ақмола облысының Щучинск қаласында армрестлингтен өткен Азияның 17-ші чемпионаты үш күнге созылды. Щучинскідегі «Жақсы» спорт кешенінде өткізілген турнирге Азия құрлығының 14 мемлекетінен 600 жуық спортшы қатысып отыр. Жарысқа еліміздің жасөспірімдер, жастар, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтары мен бастапқы құрам қатысты. Турнир әйелдер мен ерлер арасында бөлек жүргізілді. Ерлер 11 салмақ  дәрежесі бойынша, әйелдер 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Айта кетерлігі, армрестлингтен Азия чемпионаты елімізде үшінші рет өткізіліп отыр.


Күршімдік білекті жас спортшылар 2018 жылдың  қазан айында Түркияның Анкара қаласында өтетін Әлем біріншілігіне жолдама жеңіп алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив