Даниал Ахметов: "Шығыс Қазақстанда ҰБТ уақытында өтеді"
Қазір әлеуметтік желілерде Шығыстағы тасқынға байланысты, тұтастай облыс көлемінде мектеп бітірушілер ҰБТ-ден босатылуы мүмкін деген дақпырт сөздің шыққаны жасырын емес. Бұл ретте аймақ басшысы Даниал Ахметов Семей қаласының тұрғындарымен кздесу барысында ондай сөздің негізсіз екенін айтып, алып-қашпа әңгімелерге сенуден аулақ болуға шақырды.
-Егерде оқушылар бірнеше күн оқымаса, ҰБТ-ді шегеру немесе оны мүлдем өткізбеу дұрыс емес деп есептеймін. Мұндай сұрақтарға салқын қанды, байыппен қараумыз қажет. Мейрам күндері балалар сегіз күндей демалыста болды. Одан кейін өздеріңізге белгілі жағдай бойынша сабақтарды тоқтата тұруға келді. Десе де, біздің білікті педагогтарымыздың арқасында, маусымның соңына дейін оқу бағдарламасы толық игеріледі деген үмітім басым, - деп нақтылады ШҚО әкімі.
Оқи отырыңыз