KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Көкпекті ауданында су тасқынының алдын алуға тұрғындар да көмектескен

3.04.2018, 06:43 112

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айының 30-ынан 31-іне қараған түні Көкпекті ауданында толассыз жаңбыр жауып, соның салдарынан Карповка су қоймасына қауіп төнген. Сол себептен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары Самар ауылында тиісті жұмыстар жүргізді.


Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әсет Сеилқұмаровтың айтуынша, қазір Самар ауылындағы жағдай тұрақталған.


– Сол күні Пантелеймоновка ауылының шетінде орналасқан Карповкадан аққан судың қарқыны қатты болса, аталмыш елді мекеннен 20 шақырым жерде тұрған Самар ауылын бір мезетте шайып кетер еді. Өйткені аталмыш су қоймасындағы қарғын су мұндағы Лайлы су қоймасына келіп қосылса, жағдай мүлдем қиын болар еді. Біздің мамандар тасқын судың бетін қайтару үшін күні-түні тынбай жұмыс істеді. Сондай-ақ, бізге Пантелеймоновка ауылының тұрғындары, ағайынды Александр және Владимир Груниндер көмектесті, - дейді Әсет Сеилқұмаров.

Карповкадан шыққан су Самар ауылындағы Глухенко көшесінің маңайынан айналып өткен. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, зардап шеккендер жоқ.


Қазір Самар ауылындағы Лайлы өзеніндегі, Ешкібай мен Карповка су қоймаларындағы су арналарын тазарту жұмыстары жүргізіліп, бөгеттер тұрғызылуда. Оған «ДСУ-14» пен самарлық шаруа қожалықтарының басшылары арнайы техника бөлген.


– Су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындарына ескерту жасалды. Десе де, тасқын болған жағдайда көкпектіліктерді барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамын. Арқаны кеңге салуға болмайды, - дейді Әсет Сеилқұмаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив