KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Өскеменде Зайсан ауданының жәрмеңкесі болды

31.03.2018, 13:14 161

Жәрмеңкеге зайсандық кәсіпкерлер арзан бағадағы ауыл «сарқытын» әкелді. Солардың бірі – Саян Қайырбекұлы. Ол «Аю» атты кооперативтің жетекшісі.


– Кооператив құрғанымызға үш жылдың жүзі болды. Кооператив құрамында алты қожалық бар. Барлығымыз «бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай» жұмыс істеп, 370 бас ірі қараны асылдандырып жатырмыз. Биыл ісімізді одан әрі жандандырып, кеңейтсек дейміз. Сол мақсатта төрт мың басқа арнап бордақылау алаңын салудамыз. Сондай-ақ ет өңдеу цехтарын да ашамыз. Бұйырса, сиырдың түгінен бастап қара тұяғына дейін өңдейтін боламыз, – деді кәсіпкер.



Жәрмеңкеге екі тонна сиыр, бір тонна жылқы, жарты тонна қой еті мен картоп, капуста, пияз, сәбіз сынды көкөніс түрлері әкелінгендігін айтады аудан әкімінің орынбасары Қамбар Кәкімұлы.


– Сиыр етінің келісі – 1200-1500, жылқы етінің келісі – 1200-1600, қой етінің келісі 1100-1200 теңгеден саудаланды. Азық-түліктің бағасы қатаң бақылауға алынған, – деді әкімнің орынбасары.


Аудандық халық театрының өнерпаздары әкелген концерттік бағдарламасын Астананың 20 жылдық мерейтойына арнады. Концерт төрт сағатқа созылды.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив