KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Ләңгі ежелгі көшпенділердің ойыны болған ба?

19.02.2012, 18:00 172


Жақында Қызылордада ләңгі ойынынан чемпионат өтті. Оған 60 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатысты. Енді қаланың бастамашыл студенттері ләңгі ойынын патенттеуге ниет білдіріп отыр.

Бүгінгінің компьютерқұмар баласы асқан шеберлікпен аяқтың ептілігін қажет ететін, «ләңгі» деп аталатын ойын бар екенін біле ме екен? Балалық шақтары өткен ғасыр-дың 70–80-ші жылдарында өткен аға буын өкілдерінен бұл ойын жа-йында сұрай қалсаң, аузының суы құрып айтып беруге дайын. Бертін, 90-шы жылдардың аяғына дейін ауылдық жерлерде ойналып, кейін халық қалаға қарай үдере көш-кенде ләңгі ойынының да дәурені тарқай бастапты. Себебі, ләңгі ойыны асфальтта емес, топырақта өскен ойын баласына арналған болатын. Қазір ләңгі ойнамақ түгілі, шыбықты ат қылып мінбейтін қала баласын тек «counter strike» қызықтырады.
Қазақ жерінде көктем туғанда ләңгі ойынының асқынып кететіні сондай, тіпті ол балалардың оқу үлгеріміне әсер етіпті кезінде. Совет үкіметінің білім жүйесі мұны
жылдам байқап, мұғалімдерге ләңгіден шап жарығының (грыжа) пайда болатыны туралы қауесетті сіңіруге тырысқан. Бірақ оны тың-дайтын ойын баласы ма? Күн жылынып, жер кебе салысымен ләңгі науқаны қызу күшіне енген. Ол кезде ұлдарды қойып қыздардың өзі білек сыбана кірісіп кетеді екен бұл ойынға.
– Көшеден ескі аккумуляторлар тауып әкеліп, оның ішіндегі қорғасынды ерітіп, ләңгінің түр-тү-рін жасайтынбыз, мұғалім күніне не-ше ләңгіні тартып алса, қалтамызда сонша ләңгі жүретін, – дейді ағалар.
Енді «Ләңгі қайдан шықты?» деген сұраққа келейік. Білгіш Уйкипедиа ләңгінің Орта Азия елдері балаларының арасында кеңінен таралған ойын екенін айтады және ойынның Қазақстандағы ойналу тәртібі, ережелері жайында жазады. Ғаламтор кеңістігін шарлағанымыз-да ләңгі ойыны туралы аздаған деректерге жолықтық. Бұл ойын ежелгі Орта Азия жеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болыпты. Ат құлағында ойнаған дала баһадүр-лері үшін аяқ пен қолдан асқан қару жоқ. Тақым мен тізе мықтылығын шынықтыруға арналған арнайы жаттығу ретінде пайда болған ләң-
гі кейін балалар ойынына айналған.
Ләңгінің қысқаша тарихы осындай. Ол қалай болғанда да, қазаққа етене жақын ежелгі ойын. Көкпар, асық сынды ұлттық ойындарымыз-дың қатарында. Ләңгіні де сол қатарға алып, қазақ баласына қайта ұсынсақ, ұлттық мәдениетіміз байи түспесе, кедейленіп қалмас. Онсыз да қымызыңа неміс, айтысыңа армян жиендік етіп жатқан уақытта өз ұлттық құндылықтарымызға аса сақ және құрметпен қарағанымыз дұрыс.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив