KZ
Өскемен
+9°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Ұлан ауданындағы жағдай облыс және аудан басшылығының қатаң бақылауында

23.03.2018, 13:56 150

Бүгін Шығыс Қазақстанға су басудың екінші толқыны келіп жетті. Ұлан ауданындағы  Семей-Өскемен автотрассасының 29 шақырымында орналасқан көпірді су басып кеткен еді. Көпір үстінен аққан су көлік қозғалысын қиындатты.



Бұл мәселе ШҚО және аудан әкімдігінің қатаң бақылауына алынды. Төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, қазір көпірдін жұмысы қалпына келтірілді. Су деңгейі төмендеп, су өткізгіш құбырлар арқылы өтуде. Оқиға орнында МАИ және жол қызметінің шұғыл әрекет ету тобы жұмыс жасауда. Көпір аман, жол ашық.


Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болатынын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, құжаттарды, қажетті заттарды және азық-түлік дайындап қойыңыздар. Су үйге жақындаған жағдайда электр энергиясын өшіріп, қауіпсіз жерде көмекті күтуге кеңес береміз.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив