KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Су тасқыны Катонқарағайға да жеткен бе?

23.03.2018, 17:12 97

Облысымыздың аудандары мен қалаларын екінші мәрте су басып жатқанын естеріңізге саламыз. Бұған дейін ауа-райының күрт жылуы мен еріген қар суына қосақтасқан жауын-шашынның салдарынан оннан астам үйлер мен аула аумақтарын су басты деп хабарлаған едік.


Соңғы ақпарат бойынша, су тасқыны Шемонайха, Глубокое, Ұлан аудандарына, сондай-ақ, Өскемен қаласына аса зардап тигізген.


Әлеуметтік желілерде енді Катонқарағай ауданына қарасты Көктерек ауылында түсірілген бейнежазба тарала бастады. Тасқын мұнда да жеткен сыңайлы.


-Көктеректі топан су басты. Көшелерді су басты, адамдар жүзіп жүр. Қоршау да, көлік те суға батты. Гараж, қора түгел суға толды. Қойлар да, картоп та жүзіп жүр су бетінде, - деп байбалам салуда бейнежазба авторлары.

Расымен, мұндағы жағдай қиындап келе жатқан көрінеді. Катонқарағй ауылының басқа ауылдарын су басу туралы әзірше хабар тарала қоймады.


 



Су тасқыны бойынша «112» және «138» телефондары арқылы хабар беруге болатынын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, құжаттарды, қажетті заттарды және азық-түлік дайындап қойыңыздар. Су үйге жақындаған жағдайда электр энергиясын өшіріп, қауіпсіз жерде көмекті күтуге кеңес береміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив