KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Өскеменде еліміздегі тұңғыш роботтандырылған ота жасалады

16.03.2018, 06:10 92

№1 қалалық аурухананың бас дәрігері Юрий Старокожев жаңа роботтандырылған кешендегі соңғы үлгідегі ғажайып техникаларын, сонымен қатар науқас туралы нақты мәлімет алуға, зертханалық талдауларды автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйесін  көрсетті. Мұнда жуықта газбен қамту жүйесі де іске қосылмақ.


-Былтыр дүниежүзілік даму банкінің жобасы бойынша медициналық ақпараттық жүйе орнату жұмыстарын бастадық. Бағдарламаны барлық бөлімдерге енгізумен айналысатын IT-бөлім құрылды. Бес сервер, 258 компьютер орнатылды,-дейді Юрий Старокожев. – Қазір урология бөлімі қағазсыз жұмыс істеуге көшті. Бұл жаңа жүйені енгізу арқылы дәрігерлердің үш-төрт сағатын үнемдейміз. Сондай-ақ ол республикалық базаға қосылатын болады.

Трансплантология бөлімі де қозғалмалы операциялық столдар, ауа жіберетін консольдер сияқты замануи құрылғылармен жабдықталыпты.


Роботтандырылған кешенде дәрігерлер қан тамырларын немесе ағзадағы ота жасалатын өзге де органдарды бірнеше есе үлкейтіп көрсететін монитор цифровизациясының жұмысымен таныстырды. Бас дәрігердің айтуынша, сәуір айының соңына қарай еліміз бойынша алғаш рет роботтандырылған кешенде ота жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив