KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, В
443.72 482.28 4.9

Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған конференция өтті

5.03.2018, 11:38 314

Аманжолов университетінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.


Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған конференцияда ағартушы-ғалымның қазақ тілін дамытуға, қазақ жазуының тарихына қосқан үлестері туралы айтылды, латын қарпіндегі жаңа әліпбидің өзектілігі тағы бір мәрте аталып өтілді.


Пленарлық отырыста қазақ жазуының тарихы, А. Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі және латын қарпіне негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері талқыға салынды. Қатысушылар «Латын әліпбиі – өркениет жазуы» және «А. Байтұрсыновтың еңбегі және жазу реформасы» атты екі секцияда жұмыс істеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив