KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Өскеменге сыртқы істер министрінің орынбасары келді

5.03.2018, 10:58 114

Сыртқы істер министрлігі қызметінің басым бағыты – экономика. Яғни, шетелдік инвесторларды тарту, отандық бизнестің халықаралық аренадағы мүддесін қолдау маңызды мемлекеттік міндеттер деңгейіне көтеріліп отыр. Бұл туралы Өскеменге келген ведомствоның вице-министрі Роман Василенко айтты.


Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері мен ұстаздары Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен бірге талқылады. Жиынға облыстық туризм басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев пен Сыртқы істер министрлігінің Өскемендегі консулы Совет Иманғалиев қатысты.


Қазақстан-Американдық еркін университетінің бірінші вице-президенті Галина Конопьянова Қазақстандағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орнының қалыптасу жолындағы Мемлекет басшысының рөлі туралы айтып өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың қаңтар кездесуі Қазақстан-Американдық еркін университетінің акт залындағы әңгіменің басты тақырыбы болды. 26 жыл ішінде Қазақстан мен АҚШ өз серіктестіктерін достық негізінде өрістетіп келеді.


– Бүгінде сыртқы істер министрлігі қызметінің басым бағыты –экономика, – деп атап өтті Роман Васленко. – Шетелдік инвесторларды тарту, отандық бизнестің халықаралық аренадағы мүддесін қолдау маңызды мемлекеттік міндеттер деңгейіне көтеріліп отыр.

Адами капитал рейтингісінде қандай қасиеттер жоғары бағаланады? Олар – тәртіптілік, қоғам алдындағы адалдық, халыққа нақты пайда тигізуге тырысу. Кез келген адамды білікті маман етіп шығаруға болады, бірақ нақ осы айтылған қасиеттерді әрдайым басшылыққа алу керек. Шенеуніктер жұмысының тиімділігі, жауапкершілікті күшейту арқылы сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу, банк жүйесінің тұрақтылығы, компьютерлік технологияларды кеңінен енгізу, қазақ тілін латын қарпіне көшіру... Осы және өзге де мәселелер кездесуде қызу талқыға салынды.


Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Серік Әбілов «халықаралық қатынас», «аударма ісі» мамандықтары бойынша оқитын студенттерді өкілдіктер мен консулдықтарда іс-тәжірибеден өткізу туралы мәселе көтерді.


Еліміздегі, оның ішінде Шығыс өңіріндегі туризмді дамыту мәселесі жеке әңгіменің арқауына айналды. Жасұлан Сәрсебаев саланың қазіргі жағдайы туралы, жоспарлар мен күрделі түйткілдер туралы ақпаратпен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив