KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Қазақстанда Ұлы Жібек Жолы қайта жанданады

28.10.2018, 12:04 113

Елімізде Ұлы Жібек Жолы қайта жанданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ірі сауда-экономикалық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін 20 миллиард доллардан астам қаржы салынып отыр.


ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жуықта Семей қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерімен және оқытушыларымен кездесуде Президенттің Жолдауын талқылаған еді. Вице-министр Қазақстанның сыртқы саясаты жайлы сөз қозғады.


-Жолдаудың бағыттарын жүзеге асыру бойынша бізде айқын жоспар құрылған, - деді ол. – Бұл жердегі сөз серіктес елдермен қарым-қатынасты бекіту және қазақстандық экспортты перспективалық нарыққа шығару туралы. Елімізге инвестиция тартудың тұтас жүйесі құрылып, әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізілуде.


Министрдің орынбасары Ұлы Жібек Жолының қайта жандануы туралы да мәлім етті. Бұл жобаға 20 миллиардтан астам қаржы салынып қойған екен. Роман Василенконың айтуынша, Қазақстан үшін Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасы аса маңызды болып табылады, сондықтан қазіргі таңда ірі көлік жобалары жүзеге асырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив