KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3,7 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Үздіксіз дайындық - қауіпсіздік кепілі

27.02.2018, 03:31 147

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Жауынгерлік әзірлік әскери басқару органдарының дайындық жоспарына сәйкес атқарылды.


Мобильді оқу-жаттығу - командирлер, басшылар, штабтар мен жергілікті әскери басқару органдардың, сондай-ақ құрылымдар және бөлімдердің жауынгерлік әзірлік деңгейін тексеріп, шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі дайындық түрі.



Аталмыш жаттығуларға алғаш рет Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумақтық қорғаныс бригадаларының командирлері тартылды. Оның барысында әскери құрылымдар мен бөлімдердің жеке құрамын әрі көлік-техникалық базасын тарату мен қайта жасақтау бойынша кешенді іс-қимылдар пысықталды. Оқу-жаттығу кезеңінде мобильді іс-шараларды үздіксіз, сол секілді жасырын түрде басқарудың дайындық тетіктері қарастырылды. Айта кетейік командалық-штабтық оқу-жаттығулар ақпанның 20-23 күндері аралығында ұйымдастырылған еді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив