KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Елді мекендердің 70 пайызына ғана автобустар қатынайды

23.02.2018, 04:27 178

Абай, Бесқарағай және Ұлан аудандарында бүгінгі таңда бірде бір ауданішілік маршрут жоқ. Яғни, бір ауылдан екінші ауылға тұрғындар тек мешік жеңіл көлікпен немесе жол-жөнекей автоубстармен жете алады, ал бұл әркез ыңғайлы емес. Аягөз, Жарма және Тарбағатай аудандарында да көлік қатынасы бойынша жағымсыз жағдай қалыптасып отыр. Десек те, облыс бойынша елді мекендердің 70 пайызы тұрақты автобус маршруттарымен қамтылған.


– Бүгінгі таңда облыста 326 автоубс маршруты жұмыс істеп тұр, оның 18-і – халықаралық, 22-і – қалааралық және облысаралық, 76-сы – қалааралық және облысішілік, 51-і – ауданішілік, 14-і – кентішілік. Қалғандары – қалаішілік. Облыстың тоғыз ауданында ауданішілік автобус қатынасына субсидия қарастырылған, – дейді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев.

Мәселелердің бірі аталмыш маршруттардағы көліктердің ескіруі болып табылады. Автобустардың 60 пайызы 12 жылдан асқан.


Әуе көлігі туралы айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысішілік маршруттар саны бойынша елімізде бірінші орын алады. Алайда, облыстың барлық өңірлері әуе қатынасымен қамтылмаған. Сондай-ақ, өңірдегі ірі қалалардан Алматыға, Астанаға, Қарағандыға, Новосібір мен Мәскеуге тұрақты түрде ұшақтар қатынайды. Жазда Өскемен – Анталия (Түркия) маршруты іске қосылады.


– Өңірімізде төрт әуежай бар – Өскемен, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауылында. Аймақ басшысының тапсырмасына сай Үржар ауданының Қабанбай ауылында ұшу-қону жолағы салынуда. Ол – Алакөлдің туристік әлеуетін арттыру үшін қолға алынған шара, – деп түсіндірді салалық ведомство жетекшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Семей – Үржар – Өскемен әуе рейсі де мемлекет тарапынан субсидияланады. Облыс әкімі Алматы – Үржар және Астана – Үржар сынды облыс тарапынан субсидия бөлінетін маршруттарды жаз айларында коммерциялық негізге көшіруді ұсынды. Себебі, осы кезде ол бағытта өңір тұрғындарынан гөрі туристер көбірек қатынайды.


Темір жол қатынасы жөнінде айтсақ, облыста 24 вокзал жұмыс істейді. Облысішілік маршуттар Өскемен – Зырян, Өскемен – Риддер бағытында іске асырылады. Бірқатар пойыздар Алматы, Астанаға және Ресейдің қалаларына тұрақты жүріп тұрады. Басқарма басшысының атйуынша, қазіргі кезде барлық темір жол вокзалдарын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив