ШҚО әкімі: «Тәуелсіз еліміздің іргесі бекем, татулығымыз баянды болсын!»
t.me/shko_resmi
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
– Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ынтымақ пен келісім, көпұлтты еліміздің ұлтаралық татулығын дәріптейтін мереке. Халқымыздың басты адамгершілік құндылықтары – патриотизмді, ұйымшылдықты, жақсылық пен әділдікке ұмтылысты бейнелейтін жарқын мейрам. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, халықтың бірлігі мен елдегі тұрақтылықты нығайту, – деді Ермек Көшербаев.
Облыс әкімі шығысқазақстандықтарға және отбасыларына амандық, құт-береке тіледі.
Оқи отырыңыз