Алтайда үй ауласына қасқыр кіріп кетті
шартты сурет: depositphotos.com
Алтай ауданындағы Быково елді мекенінің тұрғынына өз үйінің ауласында қасқыр шапқан. Бұл жөнінде аудан әкімдігі инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға 28 сәуірде болған. Жыртқыш аң аулаға дейін кіріп үй иесіне тап берген. Артынша екі итті жарақаттап, қашып кеткен көрінеді. Үй иесі аман-есен.
Осыдан кейін ауылдықтар ит-құстың ізіне түсіп, көзін құртыпты. Аудан әкімдігінің өкілдері қасқырдың үйірі болуы мүмкін деп қауіптеніп, 29 сәуірде Төменгі Быководағы оқушылардың сабағын қашықтықтан оқыту форматына ауыстырған.
Қазір аталмыш ауылда жағдай тұрақты және балалар штаттық режимде оқып жатыр.