KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1 м/с, С
441.8 480.02 4.88

Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні

t.me/aqorda_resmi

1.05.2024, 10:00 63 Назерке Каримова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

– Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке, – деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. – Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.


Мемлекет басшысы ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналатынын тілге тиек етті.

– Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын! – деді ҚР Президенті.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив