KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Бұрынғы ішкі істер министрі Тұрғымбаев ұсталды

Фото: nur.kz

30.04.2024, 09:55 83 Ержан Әбіш

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін желіде ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Антикор жауап бермеді. Алайда дереккөздер бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерінің ұсталғанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі Телеграм-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

19 наурыздан бері БАҚ беттері мен Телеграм-арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс Қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура Қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив