KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Конкурс жарияланды! «Алакөлдің сол жақ жағалауын кешенді абаттандыруға үздік Арт- жоба»

19.02.2018, 05:56 96

Қазақстанның туристік саласын дамыту 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы міндеттерінің бірі ретінде «Алтай Інжуі» туристік кластерін  қалыптастыру қарастырылған. Облыстағы маңызды туристік нысандардың бірі –Алакөл көлінің жағалауы. 2018 жылы оның жағалауын абаттандыруға бір миллиард теңге қаржы бөлінбек.



Бұл туралы "Шығыс Қазақстанның інжу маржаны" жобасының іске асуы жайлы баспасөз конференциясында Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов хабарлады.


Кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізуге және қолайлы демалуға инфраструктураны дамыту үшін үздік ұсынысты таңдау мақсатында «Алакөл көлінің сол жақ жағалауын кешенді абаттандыруға үздік Арт- жоба» байқауы жарияланып отыр.


- Бұл жылы біз әлеуетті сәулетшілерді, құрылыс компанияларын неғұрлым көбірек тартуға тырысамыз. Олар абаттандыру мәселелерін қандай зааманауи, эстетикалық тұрғыдан көргілері келетінін айтса деген ойдамыз, - дейді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. – Облыс әкімінің орынбасары бастаған жұмыс комиссиясы құрылып отыр, олар жобалар мен ұсыныстарды таңдайтын болады. Ал ережелерін жергілікті әкімдік әзірлейді.


- Конкурс ашық түрде өткізіледі, - деп хабарлайды Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов. – Оған сәулеттік жобаларды әзірлеуге еңбек және материалдық ресурстары бар жобалық мекемелер мен сәулетшілер қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін Үржар ауданы әкімдігіне келесі құжаттарды өткізу қажет: конкурсқа қатысуға өтінім және сәулеттік жоба. Қатысушылар саны шектеусіз. Конкурс 20 күн ішінде өткізіледі. Өтінімдер 25 наурызға дейін қабылданады. Ең үздік жоба ұсынған жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталмақ. Сыйақы сомасы әзірше жарияланбады, бірақ аса қомақты деседі.


Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Көл жағалауындағы нысандарды өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру мақсатында 0,5 миллиард теңге қаржы жұмсалған екен. Жағалаудағы саябақ құрылысы аяқталды, арбат, орталық жағажай аймағы, автовокзал және автотұрақ абаттандырылды, жағалау бойының 4,4 км жолына орташа жөндеу жүргізілді және жарықтандырылды, 4 полиция пункттері мен 1 медициналық көмек пункті, 80 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив