KZ
Өскемен
+5°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Ақсуаттағы колледжге автобус берілетін болды

16.02.2018, 11:08 113

 «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің Өскеменде бір топ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс әкімімен кездесуге тоғыз адам жазылыпты, олар аймақ басшысынан, қалалар мен аудандар әкімдерінен, басқарма басшыларынан өз сауалдарына жауап алды.


Сауалдардың тақырыбы сан алуан болды, абаттандырудан бастап мүліктік дау-дамайларға дейін.


Айталық, тарбағатайлық тұрғын Талғат Халықов К. Біләлов атындағы гимназияны Ақжар ауылында салынып жатқан 600 орындық мектеп ғимаратына көшіру және босайтын гимназия ғимаратында ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын колледж ашу туралы ұсыныс білдірді. Өкінішке қарай, тұрғынның бұл талабы қанағаттандырылмады, себебі бастама тиімсіз, оның үстіне гимназияның бұрынғы ғимараты колледжге қойылатын талаптарға сай емес, арнайы материалдық базасы жоқ. Десек те, аймақ басшысы оңтайлы әрі ұтымды шешім ұсынды.


– Аудандағы Ақсуат ауылында осы бағытта маман даярлайтын арнайы колледж бар. Ол 640 балаға шақталған, қазір онда шамаман 200 бала білім алуда. 120 орындық жатақханасы да бар, онда 60 студент тұрып жатыр. Сол себепті, ауданға тағы бір колледж ашсақ, ол жартылай бос тұрады деген сөз. Одан да біз бір автобус берейік, Ақжардың балалары сол көлікпен Ақсауатқа қатынап оқысын. Осыны жергілікті тұрғындарға түсіндіріп айтыңыз, – деді облыс әкімі осы сұраққа орай.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов түрлі жеке мәселелерімен келген барлық келушілерді мұқият тыңдап, тиісті ведомство жетекшілеріне әр жағдайды тиянақты зерделеп, шешілуіне ықпал етуді қатаң міндеттеді, барлығын жеке бақылауда ұстауға уәде етті.


Облыс әкімі тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы да маңызды екенін, осындай қоғамдық қабылдаулардан кейін жергілікті атқарушы органдарға тың тапсырмалар жүктеліп, олардың қызметіндегі олқылықтар анықталатынын жеткізді.


– Әр өтініш тіркеліп, оған айырықша маңыз беріледі. Біз үшін ұсақ-түйек проблема жоқ, – деді осы ретте аймақ басшысы.

 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив