KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өңделген жүн Қытайға өткізілетін болды

13.02.2018, 04:18 78

Ақтылы түлік өсіріп отырған Абай ауданында қой жүнін өңдеу қайтадан қолға алынды.


Аудандағы «Дерикар» ЖШС қой жүнін өңдеуге 90-жылдары кіріскен болатын. Ұзақ жылдар бойы тоқтап қалған  кәсіпорын былтырдан бастап қайтадан іске қосылды. Шағын кәсіпорынға қытайлық инвестор қаржы салып, қазір қой жүні қайта өңдеуден өткізіліп жатыр.


Алматы облысындағы «Ақсұңқар -2030»  кәсіпорынымен жасалған келісім шарт бойынша бүгінгі күнге дейін «Дерикар» ЖШС 250 тонна қой жүнін өңдеуден өткізіп, шетелге сатуға дайындап отыр. Қой жүні Қытайға экспортталмақ.


-Біз өндіріс көлемін одан әрі ұлғайтамыз. Қой өсірумен айналысатын Тарбағатай, Аягөз, Үржар, Жарма, Күршім сияқты ауданымызға жақын орналасқан өңірлерден дайындау пункттерін ашамыз,- дейді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Абай ауданында асыл тұқымды қой шаруашылықтарының үлесі   облыс деңгейіндегі орташа  көлемнен жоғары. Ауданда негізінен қойдың Еділбай тұқымы өсіріліп келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив