KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

Кеншілер қаласына жаңа мектеп салынады

9.02.2018, 07:27 115

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Зырян ауданында болып, бірқатар мәдени-спорттық, білім беру және коммуналдық нысандарды аралады. Даниал Кенжетайұлы бұдан соң аудан басшысының тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуіне қатысып, алдағы жоба-жоспарларға тоқталды.


Аймақ басшысы алдымен қаладағы Островский атындағы №6 орта мектепте болып, білім ордасының жұмысымен танысты. «Менің мектебім» бағдарламасы бойынша құрылғылар орнатылатын роботтық техника сыныбының әзірлігін бағамдады. Оқу орнының басшысы Лариса Петрова облыс әкіміне өздерінің үздік оқушылары туралы айтып, спортта, ғылым мен шығармашылықта биік жетістіктерге жеткен жеткіншектерді мақтанышпен көрсетті. Даниал Кенжетайұлы ағылшын және қазақ тілдері сабақтарына қатысып, балалармен және ұстаздармен сұхбаттасты.



Атап өтерлік тағы бір жайт, 620 орындық бұл мектепте бүгінде 900 оқушы білім алуда. Ғимараттың тарлық етіп отырғанын көрген облыс әкімі қалаға жаңа мектеп салу қажеттігін айтып, сала мамандарына тиісті құжаттарды дайындауды жүктеді.


Сапар соңында Даниал Ахметов педагогтарға Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін көтеру бағытында жұмыс істеуді міндеттеді.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив