Жалға берілген пәтерден алынатын төлем азайды
Жаңа салық заңы ережелері бойынша бұдан былай пәтерді заңды түрде жалға беру тиімді болады (патент). Бұрын жалға беруші кірістің 2 пайызын төлейтін, енді оның мөлшерлемесі екі есеге төмендетілді.
Биылдан бастап қазақстандықтар енді мүлік салығын, жер салығын жыл қорытындысы бойынша төлейді. Мысалы, 2017 жылдың салығын 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек. Бұрын ағымдағы жыл үшін сол жылы төленетін.
Жаңа Салық заңында азаматты тұрғылықты жерiне уақытша тiркегенi үшiн салынып келген мемлекеттік баж салығы (241 теңге) алынып тасталып отыр, енді тегін жүргізіледі.
Кім жетім баланы асырап алса, ол (жылына 2,1 млн. теңге шегіндегі) табыс бойынша табыс салығынан босатылады.
Бала кезінен мүгедек балалардың ата-аналары үшін жер салығы бойынша, тіркеу алымдары, мемлекеттік баж бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Азаматтардың қарызын кешіру кезінде жеке табыс салығы алынып тасталды. Егер банк азаматқа қарызын есепке жатқызса, онда есепке жатқызған сомадан бюджетке 10% салық ұстау қажет емес.