KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
489.36 533.45 4.99

Жұмыспен қамтудың шаралары ұсынылады

1.02.2018, 07:10 118

– Мен үшінші топ мүгедегімін, құлағым естімейді. Сол себепті Алматы қаласындағы №5 ауруханада құлағыма коохлеарлы имплантация отасы жасалған. Қазір жұмыссызбын. Маған өз ауылымда жұмысқа орналасуға көмектесіңіздерші! Мүмкін бір мекемеге күзетші болып істеуге болатын шығар. Ал ауыр жұмыс істеуге болмайды екен, себебі басымда титаннан жасалған темір чип тұр. Жәрдемақы жетпейді, денсаулығыма келетін ыңғайлы жұмыс табуға Сіздерден көмек сұраймын!


Рахат Испаев


Көкпекті ауылы,


Көкпекті ауданы.


Сауалға облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Садиров жауап береді:


– Р. Испаевқа жеке мүгедектік бағдарламасы бойынша ұялы телефон және құлағы естімейтіндерге арналған сағат берілді. Көкпекті аудандық жұмыспен қамту орталығына шақыртылды, жұмыссыз ретінде тіркелген соң, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылатын болады.


Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 24-4/2 шешімімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» туралы ережесінің 1-бабы, 5-тармақшасына сәйкес Р.Испаевқа біржолғы материалдық көмек берілмейді. Себебі жанұялық орташа кірісі жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейінен асып отыр.


Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері 27,0 айлық көрсеткіш. Р. Испаевтың жан басына шаққандағы кірісі 56 696 теңгені құрайды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив