KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 3 м/с, Ю
471.46 504.79 5.53

Рухани жаңғыру бағдарламасы биыл да жалғасын табады

24.01.2018, 02:09 110

Облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер межеленген жиынға қатысып, төрағалық етті. Қазіргі таңда облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы 4 негізгі ішкі бағдарламасының шеңберінде барлығы 57 жоба жүзеге асырылып жатқан көрінеді.


Жиында  баяндама жасаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н. Краснобаева  «Рухани жаңғыру»  бойынша  аймақта іске асырылып жатқан бағдарламалардың ішінен «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы аясында қолға алынған «Рухани білім беру», «Үштілділікті дамыту», «Білікті маман» атты жобаларды ерекше атап айтты. «Рухани білім беру» жобасының халықтың діни сауатын ашуда берері өте көп.   Аталған жоба аясында 162 адам 3 айлық діни сауат ашу курстарынан өтіпті. «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетімен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен облыстың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылыпты. Осы жоба шеңберінде Семейде 100 орындық дінтану колледжінің құрылысының жобасы жасалынған.Үстіміздегі жылы жоба жалғасын таппақ.


Ал «Үштілділікті дамыту» жоба аясында өткен жылы барлығы 2430 тілдік пәндердің мұғалімдері арнайы курстан өткізіліпті. 1141 ағылшын тілі мұғалімі халықаралық ТКТ, тағы да 11 мұғалім халықаралық CELTA сертификатын алу үшін емтихан тапсырыпты. 2018 жылы тілдік пәндердің мұғалімдерін курстан өткізіп, сонымен бірге 200-дей химия, физика, биология, информатика секілді жаратылыстану пәндерінің мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету көзделіп отыр. Бұл мақсатқа биыл 340 миллионнан астам қаражат жұмсалмақ. Десе де облыс әкімі Д.Ахметов «Үштілділікті дамыту» жобасына халықаралық «EF Edication First» білім беру компаниясын қосуды да тапсырды.


«Білікті маман» жобасы аясында өткен жылы 200 білім беру гранты бөлінген болса, биыл оның көлемі 400-ге артып отырған көрінеді.


Өткен жылы   «Арт Заман» жобасына 30 миллион теңге бөлініп, өңірдегі Өнер музейлерінің қорлары бірқатар құнды экспонаттармен толығыпты.   Қазақстандық суретшілердің барлығы 9 картинасы,  нақты айтқанда Бақтияр Табиевтің   8 картинасы мен Мағауия Аманжоловтың 1 картинасы музей қорына сатылып алыныпты. Биыл осы жоба аясында  облыста суретшілердің республикалық пленерін өткізу жоспарланып отыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив