KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Марқакөлдіктер оңтүстік өңірлерден келген қоныстанушыларды құшақ жая қарсы алды

27.06.2024, 22:52 115 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгін оңтүстіктегі өңірлерден көшіп келген тұрғындар Марқакөлге жол тартты. Бұлар Шығыс өңіріне көшуге ниет білдірген жандар.

Мамыр айында еліміздің оңтүстігіндегі өңірлерден отызға жуық тұрғын Шығыс Қазақстан облысына арнайы сапармен келіп, жер шалып қайтқан болатын. Сол сапарда Марқакөл ауданын ұнатып қайтқан тұрғындардың арасынан бес отбасы бұл жолы Ақбұлақ ауылына түбегейлі көшіп келіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көш керуені бүгін таңертең Өскемен қаласынан Марқакөл ауданына қарай жолға шыққан болатын. Марқакөлдіктер қоныстанушыларды ерекше қуанышпен құшақ жая қарсы алды.

 

– Жаңадан құрылған Марқакөл ауданында адам санын көбейту өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймын. Ең жоқ деген әркім өз ауылын сақтап қалуға тырысу керек. Өзім туған ауылым Ақбұлаққа былтыр да бірнеше отбасының көшіп келуіне септігімді тигізгенмін. Биыл да билік өкілдерімен бірге оңтүстіктің тұрғындарын шығысқа көшіруге ат салысып жүрмін. Көшіп келген тұрғындарды қарсы алып, үйге қажетті заттарын алып бердік. Көп балалы отбасылар көшіп келді. Ауылдың бақыты бала дейтін болсақ, оған да қол жеткізіп жатырмыз, –  дейді Ақбұлақ ауылының тумасы, кәсіпкер Бауыржан Жауқашаров.
 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив