KZ
Өскемен
+19°
небольшой проливной дождь жел 7 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Қазақстан және Түркия университеттері инновациялар саласында күш біріктіреді

28.06.2024, 16:11 56 Айжанат Бақытқызы

Баку Еуразия университетінде өткен ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир университеті (Түркия) арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ашылған Технопарк кеңсесінде келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Келісімшарт стартап-жобаларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Хакатон өткізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалды.

Бұл ретте ҚызПУ міндеттеріне бағдарламаға қатысу үшін студенттік стартаптарды ұсыну, акселерациялық бағдарламаны жүргізу процесін ұйымдастыру, сондай-ақ студенттердің хакатондарға қатысуы үшін қажетті ресурстар мен қолдауды қамтамасыз ету жатады.

Ал технопарктің міндеттеріне студенттік стартап жобаларына сараптама жүргізу, бағдарламаға қатысушыларға тәлімгерлік қолдау мен консультациялар беру, сондай-ақ студенттер үшін хакатондар өткізуді ұйымдастырушылық қолдау кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив