Өскемендегі этнопарктегі форель шаруашылығы жабылмайды
Фото: damu.kz
ШҚО прокуратурасының нұсқамасына сілтеме жасай отырып, Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың басшылығы оның аумағында орналасқан форель шаруашылығына келісім-шартты ұзартудан бас тартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, кәсіпкерлер өз құқықтарын қорғау үшін бизнес-омбудсмен Әлия Мұқашеваға жүгінген. Мәселені шешуге ШҚО Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері қосылып, келіссөздер мен кездесулерге қатысып, облыс прокуратурасына жүгінді.
Ұзақ уақытқа созылған мәселенің қорытындысы бойынша кәсіпкер мен саябақ басшылығы арасындағы жалдау шартын ұзартуға қатысты дау оңды шешілді.
Айта кетсек, жуықта Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров пен «Атамекен» ҰКП-ның Бас прокуратурамен өзара іс-қимылы туралы Меморандумға қол қойылды. Онда кәсіпкерлердің инвестициялық жобалары мен олардың құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылған.