KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Отбасы және гендерлік саясат

22.01.2018, 09:29 181

Семейде «Семей» медицина колледжі студенттерінің қатысуымен «Әйел теңдігі - шаңырақтың тірегі» атты слайд-сабақ өткізілді. Орталық кітапхананың кітапханашысы гендерлік теңдік саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен рөлі туралы әңгімеледі.

Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат: кеше, бүгін, ертең» атты слайд-тұсаукесері өтті. Дәне әлемдегі гендерлік саясаттың маңыздылығын ашып көрсеткен «Отбасы және гендерлік саясат» атты бейнеролик көрсетілді.Студенттер шара тақырыбын талдау барысында алған ақпараттарды саралап, ерлер мен әйелдердің әлеуметтік мәртебесі, отбасын құрудағы жауапкершілігі, әйелдердің саяси құқықтарын жүзеге асыруы туралы өздерінің ой-пікірерімен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив