KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
489.36 533.45 4.99

Қазақтан шыққан тұңғыш суретші әйел Айша Ғалымбаеваның шығармашылығына арналды

14.12.2017, 03:46 181

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында жаңғырудың жаңа шарттары айтылған, мәселен-ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау бүгінгі күннің өзекті тақырыбының бірі. Осыған орай мәдениет саласын жетілдіруге бағытталған жобалардың қатарында «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы бар. Жоба Қазақстан мәдениетінің озық үлгілері мен жетістіктерін таныстыру арқылы еліміздің халықаралық деңгейде танымалдылық дәрежесін кеңейтуді көздейді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстанның бейнелеу өнеріне арналған бірнеше дәрістер өткізілді. Соның бірі Семейдегі өнер мектебінің оқушылары үшін ұйымдастырылған Қазақстан Халық суретшісі, 


- Айша Ғалымбаева қазақ суретшілерінің аға буын ұрпағына жатады,-деді музей қызметкері Лаура Гакаева,-оның есімі қазақ өнерінің тарихына алтын әріппен жазылып, ұлттық мектептің іргесін қалаушыларының бірі ретінде алтын қорға енген. Айша Ғарифқызы қазақ ұлттық натюрморттын негізін қалаушысы болып саналады.



Өнер мектебінің талантты балалары қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваның қызықты өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мәліметтермен таныс болды. Бейнефильмдерден үзінділер тамашалады. Экскурсия барысында балалар осынау Невзоровтары отбасы атындағы музей қорынан Айша Ғалымбаеваның өзі сыйлаған үш картинасымен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив