Салықты төлеу мерзімінің ауысуы туралы алып қашпа сөздер расталмады
Әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасында шыққан салыққа байланысты өзгеріс туралы дау жалған болып шықты.
Өскемен қаласы бойынша мемелекеттік кірістер басқарамасының айтуынша, ағымдағы жылдың салықтарын 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.
-Көлік салығын төлеу мерзімі де өзгерген жоқ , -дейді Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рахат Асетов. –Бұл салықтың түрі биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.
Сонымен қатар, салық төлеуді кешіктіргені үшін әкімшілік айыппұл қарастырылмаған. Ал өсімақыны болдыртпау үшін және материалдардың әкімшілік сотқа өтуінің адын алу үшін салықты мерзімінде төлеу қажет.