ХҚКО қызметін жетілдіру үнемі назарда
Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» арқылы анықтама беру қызметі іске қосылмақ. Бұл қызмет түрі ХҚКО мамандарының қатысуынсыз іске асады. Яғни кез-келген азамат жеке мәліметтерін беру немесе бермеу жөнінде шешімді өзі қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді. Аталған жаңалық туралы осы салның басшылары мен мамандары бас қосқан жиында айтылды
Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға, соның ішінде екінші деңгейлі банктерге анықтама беру сервисі сәтті жүзеге асса, электронды анықтама беруді 21,5 млн қысқартуға мүмкіндік бар. Мысалы, қазір жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмірі туралы анықтаманы талап етеді. Осы айтылған интеграция арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажеті болмай қалады.
Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында қызметтерді көрсетудің проактивті түріне өту бойынша мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдармен бірлесе отырып біршама шаруаларды тындырып жатыр. Мәселен болашақта ақпараттық жүйелердегі мәліметтер автоматты түрде өзгеретін болады.