KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскемендегі 23 шағын ауданға қоғамдық көлік қашан жүреді?

13.11.2017, 04:46 318

– Бұрын Өскемен қаласының 23 шағын ауданына «Өзен вокзалы» аялдамасынан 53 «В» бағытындағы үлкен «ПАЗ» маркалы автобустар жүріп тұратын. Тұрғындар үшін қолайлы әрі кең болатын. Сонымен бірге, шағын ауданның ішіне де кіріп, көшелерін аралап шығатын. Олар тоқтаған соң, микроавтобустар жүрген еді. Шағын автобустар жол нашар дегенді алға тартып, көшелерге кірмеді. Ол аздай, Қасым Қайсенов кентіне апаратын жолдың бойына ғана тоқтап, қайтадан қалаға өтіп кетіп жүрді. Қазір олар да тоқтап қалды. Бұл тұрғындар үшін қолайсыздық тудыруда. Қыс та қыр астында, күн суық, жер тайғақ. Балалар мектепке барғанда қиналады. Онсыз да тұрғындар жол бойына дейін жаяу келетін болса, Қ.Қайсенов кентінен сағат сайын жүретін автобусты да тоса алады. Ал бұл шағын аудан тұрғындарына өте қиын. Әсіресе күнделікті қалаға баратын жасы үлкен адамдар, оқушы балалар өте көп. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мамандары былтыр тамыз айында сұрағанымызда ешкім қатыспағандықтан, бұл бағытқа конкурс өткен жоқ деген еді. Бұл қашанға дейін созылады, тұрғындар қашанға дейін қиналмақ? Бұл мәселені осымен бірнеше рет көтеріп отырмыз. Сондықтан, қала әкімшілігі бұрынғы үлкен автобусты қайта ашып берсе екен.


Мирас Қасенов, 23 шағын аудан

Өскемен.


Сауалға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев жауап береді:


– Мирас Қасеновтің облыс орталығына қарасты 23-ші шағын ауданға қарай жүрген №53 «В» маршрутының жұмысын қайта бастау жөніндегі өтініші қаралды. Былтыр жолаушылар ағынының төмендігіне байланысты № 53 «В» маршруты жабылған. Бірақ 22-23-ші шағын аудандар тұрғындарынан түскен көптеген өтініштер бойынша енді конкурс өткізілгенге дейін № 253 «Өскемен бекеті – 22 шағын ауданы - 23 шағын ауданы» маршруты ашылатынын хабарлаймын.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив