KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

Сәби болғым келеді, сәби болғым....

17.10.2017, 11:55 151

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында қазаққа ең алғаш рет «Сәби болғым келеді», «Дариға-ай, домбырамды берші маған» атты әндерімен танымал болған белгілі әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың құрметіне арналған халықаралық конкурс өтті. Тұрсынғазы аға Мұқағали Мақатаевтың көптеген өлеңдеріне өмір-бақи жаны қалап, ән жазған адам еді. Оның жазған ең соңғы әндері де әлі күнге дейін халық жадында тұр. Салтанатты шара барысында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Азамат Мұхамедчинов пен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтер сахна төріне шығып, шетелдерден келген қонақтарға өздерінің ыстық тілек, құттықтау лебіздерін білдірді.


Конкурстың өзі «Сәби болғым келеді» деп аталды. Бұл конкурсқа Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Толғанбай Сембаев, Ерлан Рысқали, Алмасбек Алматов, Әділ Тұрғанбаев, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ғалым Мұхамедин, Ербол Айтбаев, Жоламан Құжыманов, Мәншүк Тұрсынғазина және Әсем Омарова сияқты халықтың сүйікті өнер тарландары да қатысып отырды. Және Қазақстанмен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан елдерінен келген 32 әнші өнерлерін ортаға салып, бақ сынады. Байқау шарты бойынша, өнерпаздар сазгердің екі әнін және бір халық әнін орындап шықты. Кеш барысында Еркін Шүкіманов пен Толғанбай Сембаевтың авторлығымен Тұрсынғазы Рахимовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сағынбасқа не шара?» атты жаңа кітаптың тұсаукесері кесілді.


Семей халқы өздерінің біртуар перзенті әнші, сазгер, актер, ҚР мәдениет қызметкері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Тұрсынғазы Рахимовты үнемі еске алып отырады. Бұдан сәл ғана бұрын оның туғанына 65 жыл толуына орай «Ұлтының жаны мен жүрегіне айналған өнерпаз» тақырыбында «Әнге ғашық жүрек», «Актерлық қыры», «Әндер тарихы», «Өмірім-өнерім», «Арнаулар», «Кітаптар», «Бейнежазбалар», «Фотогалерея», «Сілтемелер», «Библиография» атты 10 бөлімнен тұратын виртуалды көрме ұйымдастырылған еді. Шара барысында жиналған қауым Тұрсынғазы Рахимовтың өмірі мен шығармашылығы жайында Абай кітапханасының қызметкерлері дайындаған естеліктерді тыңдады.

Аталмыш шараға Тұрсынғазы Рахимовтың отбасы мен туған-туыстары, зиялы қауым өкілдері, өзі қызмет еткен облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармония мен Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің қызметкерлері, М.Әуезов атындағы педагогикалық және М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждердің студенттері қатысты. Шара соңында ақынның жары Фатима қонақтар мен кітапхана ұжымына алғысын білдірді.


- Біздің мақсатымыз қазақтың дәстүрлі ән өнерін сақтап қалу, бұл жолда Тұрсынғазының салып кеткен дара жолы ерекше,-деді Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония директоры Адай Азаматов,- өкінішке орай, бүгінде байқасаңыздар, эстрада жанры былай тұрсын, қазақтың дәстүрлі әндері де шетелге ойысып жатыр. Сондықтан қазақтың дәстүрлі әндерін Тұрсынғазы Рахимов арқылы халық жүрегіне жеткізуді мақсат тұттық. Өткен жылы Тұрсынғазы Рахимов атындағы фестиваль өткен еді. Биылғы байқауды сол бастаманың жалғасы деуге болады. Байқауды алдағы уақытта тек Семей қаласында емес, Қазақстанның өзге қалаларында да ұйымдастырған жөн деп ойлаймын.


Сонымен «Сәби болғым келеді» байқауының қорытындысында Бас жүлде алматылық Нариман Абдрахмановқа бұйырды. Моңғолия Республикасынан келген Өзгеріс Шерікбай мен алматылық Жасұлан Сатаев ІІ орынға көтерілсе, Төлеген Шәкәрімов және Е.Саятқызы ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушыларға естелік сый-сыяпаттар, қомақты жүлдеделер тапсырылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив